Мерекелік онлайн жарысқа қатысыңыз

0 46

Елордада 28, 29 және 30 тамыз күндері жүгіру және веложүгіруден онлайн жарыс ұйымдастырылады.

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілетін онлайн жарыстар елорда саябақтарында таңғы сағат 06:00-ден кешкі 21:00-ге дейін, қатысушылардың ыңғайлы уақытына қарай өткізіледі. Әуесқой жүгірушілер жарысы 18, ардагерлер арасындағы жарыс 40 жастан асқандар арасында өтеді. Веложарысқа қатысушылар да осындай екі топта ұйымдас­тырылады.
Жарыс нәтижелері «Strava» қосымшасы арқылы анықталып, жеңімпаздар арнайы сыйлықтар, дипломдар және медальдармен марапатталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 7 =