МЕРЕКЕЛІК МЕЗІРЕТ

0 101

Тамыз айының бірінші жексенбісі – көлік және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күні салтанатты шаралар Алматы ауданында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады.

Биыл да кәсіби мереке қарсаңында Железнодорожный кентінде Қырқыншы станциясының теміржолшыларын марапаттау рәсімі өтті. «Қазақстанның күре тамырына қан жүгіртіп жүрген арамыздағы құрметті теміржол қызметкерлері қандай құрметке болса да лайық» дей келе, Алматы ауданы әкімінің орынбасары Түсіп Рыспеков осы саланың бір топ тарландарына алғыс хаттар ұсынды. Станция бастығы Госман Тәженов те еңбегімен еленген азаматтарға құрмет білдірді.

Мерекелік шара барысында теміржол қызметінің ардагерлері Николай Пугачев, Марат Бейсенов және Роза Қалабаева өздерінің игі тілектері мен алғыс сезімдерін жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + seven =