Мерекелік концерт қойды

0 139

«Жастар» сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған мәдени шара өтті.Оны тамашалауға ардагерлер мен зейнеткерлер, қала тұрғындары мен қонақтары келді. Концерттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Тергембаев аға буын өкілдері қоғамның рухани өзегі әрі тірегі екенін айтты.
– Қарттар – тірегіміз. Сондықтан жалғыз басты қарияларды мемлекеттік органдар қамқорлыққа алады. Мәселен, осы айдың ішінде елордада көптеген қайырымдылық акциялары мен іс-шаралар ұйымдастырылды. Барлық қарияларға қамқорлық көрсетіліп, қоғам назар аударды. Мен барлық ардагерлер мен қарияларды бүгінгі мерекемен құттықтаймын, – деді ол.
Концертте «Ветеран» халық хоры, мемлекеттік филармонияның әртістері, елордалық ән-би ансамбльдері мен ҚР ІІМ Ішкі әскерлердің үрмелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − two =