«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мерекеде қоғамдық көлік көбейтіледі

0 221

Елордада мереке күндері қоғамдық көліктің көп қолданылатын бағдарлары күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Тәуелсіздік күніне орай қазақстан­дықтар 4 күн демалады. Сол себепті демалыс күндері елорда тұрғындары мен қала қонақтары ойын-сауық орындарына қатынауы үшін қалалық қоғамдық көліктің 20-дан аса бағдары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Автобустардың саны да көбейтілмек. «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күндері № 2, 3, 4, 7, 8, 10, 12, 17, 18, 19, 22, 24, 33, 37, 39, 40, 47, 48, 51, 70, 71 бағдарларының интервалы 15-тен 10 минутқа дейін азаяды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды