МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МЕЗІРЕТ

0 81

Астанада Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік акция басталды. Ізгі ниеттен туындаған шара аясында елорда­мыз­дағы 1000 отбасыға қайы­рым­дылық көмек көрсетілмек.

Қайырымдылық көмек азық-түлік жиын­ты­ғы және ақшалай төлем түрінде де әзір­­ленген.

Әлеуметтік көмек ретінде берілетін азық-түлік жиынтығы құрамында – 50 келі картоп, 25 келі күріш, 5 келі қант және 5 литр күнбағыс майы бар.

Кеше қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкіл­дері жүк көлігіне тиелген азық-тү­лік­ті көпшілікке таратуды бастап кет­ті. Көмек керуені 1 желтоқсанға дейін жал­ғасады.

Қайырымдылық көмекке алғашқы ие болғандардың бірі Жәмилә Наурыз­баева «Отбасымда бес бала бар. Ең үлке­нім — студент. Кішкентайым екі жас­та. Тұңғыш Президент күні құрметіне деп үйімізге азық-түлік әкеліп берді. Біздің жағдайымызды ескеріп, осындай қайы­рым­дылық көрсетіп жатқан қала әкім­ді­гіне ри­зашылығымды білдіремін» дейді көңілі көтеріліп.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − 4 =