МЕРЕКЕ КҮНІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

0 107

Қазақстан халқының бірлігі күні Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері де малыс күніне қарамай, «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығына барып, жиналған қауымға 3 мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

IMG-20160501-WA0003

Нәтижесінде сол жердің өзінде-ақ 73 адамға жұмысқа тікелей жолдама берілді. Орталықтың қызметіне жүгінгендер «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасына және жастар практикасына қатысу жөнінде, сондай-ақ, қайта оқу мен сұранысқа ие мамандықтықтарды иелену, қоғамдық жұмыстарға орналасу туралы кеңестер алды.
Бұл игі іс жалғасын тауып, Жұмыспен қамту орталығының басшысы Олжас Омар бастаған топ бүгін сағат 12.00-де Орталық базарда өз бетімен нәпақасын тауып жүргендерге өнімді жұмыстар ұсынады.
Орталықтың мәліметі бойын­ша елордада қазіргі таңда тігін қон­дырғысының операторлары, полиция қызметкерлері, медициналық қызметкерлер және тәрбиешілер тапшы екен.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − six =