Мереке күндері емханалар жұмыс істейді

0 11

Елордада мереке күндері қалалық емханаларда учаскелік дәрігерлер мен мобильді бригадалар жұмыс істейтін болады.«Алда мерекелер бар, алайда біз халыққа медициналық көмек көрсету үшін үздіксіз жұмыс істей береміз. Қажет болған жағдайда пациенттер учаскелік дәрігерлерге жүгіне алады. Сол сияқты сағат 08:00-20:00-ге дейін жұмыс істейтін жылжымалы бригадаларды да шақыра алады. Ал жедел жәрдем қызметі тәулік бойы қызмет етеді. Жедел шақырулардың 4 санатына емханалардағы ЖМК қызмет көрсетеді» деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мереке күндері өз емханаларының колл-орталықтарына немесе учаскелік дәрігерлерге қоңырау шала алады. Байланыс нөмірлері олардың ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде көрсетілген.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 13 =