«Мереке» биін онлайн орындады

0 13

Дарынды дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» оркестрі әртістерінің онлайн орындауындағы «Мереке би» композициясы симфония­лық музыканы жақсы көретін тыңдармандарға тамаша тарту болды.– Біз түрлі туындыларды алғаш рет онлайн орындап тұрған жоқпыз. Карантин кезінде қашықтан жұмыс істеу арқылы біраз тәжірибе жинадық. Алдағы мерекелер қарсаңында көрермендердің көңіл-күйін көтеру үшін М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсынан «Мереке биді» таңдадық. Операдағы бұл би хордың қатысуымен орындалады, мұнда хор маңызды рөл атқарады, оны тұтас би спектаклі деп атауға болады. Сондықтан ұлттық классика жауһарымен таныс емес жандарға осы операдағы жанрлардың керемет үйлесімін тыңдап, тамашалау­ға әрі бағалауға кеңес беремін. Оркестрдің барлық музыканттары осы үзіндіні орындау туралы ұсынысты қуана қабыл алды, себебі ол шын мәнінде шабыттандырады, – деп атап өтті дирижер.
Аңызға айналған операның аталмыш композициясын таңдау­дың өзіндік мәні бар. Өйткені М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен 2013 жылы «Астана Опера» театрының шымылдығы түріліп, дәл осы қойылыммен талай рет театр маусымы ашылған еді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 12 =