«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мерейтойлық шаралар бекітілді

0 154

ERA_1900

Жақында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың төрағалағымен Қазақстан халқы ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Мемлекеттік комиссияның мүшелері, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган­дардың өкілдері, республикалық этно­мәдени бірлестіктердің басшылары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Біз бүгін Елбасының 2014 жылғы 29 тамыз күнгі Жарлығымен жария­ланған 2015 – Қазақстан халқы ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жұмысын үйлестіруші кеңесші орган – Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында бас қосып отырмыз. Осы комиссияның кеңесіп қабылдаған шешімдері, тиімді ұсынымдары еліміз үшін, Қазақстанның әлемдік өрке­ниет­т­егі беделін арттыру үшін маңызды да жауапты жылға арналған шаралардың мағыналы, сапалы өтуіне өз үлесін қосады деп сенемін» деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жиналған қауым алдында.

Жиын барысында 2015 жылға межеленген Қазақстан халқы ассамблея­сы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша дайындық мәселелері қаралды.

Мемлекеттік комиссияның мүшелері Қазақстан халқы ассамблеясы жылын өткізу тұжырымдамасын, Қазақстан халқы ассамблеясы жылының эмблема­сының (логотип) және мерейтойлық медаль эскиздерінің үлгілерін бекітті.

Сонымен қатар, ҚР Конститу­ция­сының 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Жеңістің 70 жыл­дығын қоса алғанда, 2015 жылға ар­налған мерейтойлық іс-шаралардың жос­парларын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру және өзара іс-қимылдарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды