Мерейтойлық марка шығарылды

0 17

Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеулде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған пошта маркалары шығарылды.

Қазақстан елшілігінің және Korea Post ірі пошта операторының бірлескен жұмысының арқасында маркалар оңтүстік кореялықтарға қолжетімді болды.
Маркалардың бір бөлігі Кореяның жалғыз марка музейінің жинағына салтанатты түрде табысталды. Мұражай директоры На Санг-Кук жаңа экспонаттың музейге келушілерге Қазақстан мәде­ниетімен таныса алатынын айтады.
Музейдің қорындағы ең «жасы үлкен» марка – 1884 жылы шығарылған Чосон әулетінің маркасы, ал ең жасы кішісі – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марка.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 14 =