МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

0 363

LOGAS MEREY м2

Елімізде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр. Астана қаласы бойынша әзірге 14 отбасы бақ сынауға бекініп отыр.

Елордалық үміткерлер қата­рында дәрігерлер, мұғалімдер, теміржолшылар, мәдениет және ауылшаруашылығы қызмет­кер­лерінің отбасылары бар. Бұлардың бәрі де байқау шарттарына сай өздерін өнегелі отбасы ретінде  көрсетпек.

Отандық отбасының жағымды абырой-беделін кеңінен наси­хат­тауға бағытталған байқауға өті­ніш­терді қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасатын болады. Олай болса, сіз де өз отбасыңызды өнегелі де өнерлі деп санасаңыз, байқауға қатысып, бақ сынап көруіңізге болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + twenty =