«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» МӘРЕГЕ ЖАҚЫН

0 159

Махаббат Бекбосынова

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынованың қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізудің барысы және Қазақстандағы отбасы саясатын жүзеге асыру туралы брифинг болып өтті.

Махаббат Бекбосынованың пікірінше, «Мерейлі отбасы» конкурсын өткізу шалғай өңірлерде жанданып келе жатыр. Биылғы жылы ұлттық байқауға 1298 отбасы қатысқан. Бүгінге дейін байқау нәтижесінде14 облыс пен Алматы және Астана қалаларынан 16 отбасы анықталып үлгерген. Әр өңірлерден таңдалынып алынған он алты отбасының барлығы кеше Астанаға келіп түсті.

«Ұлттық байқау барысында теміржолшы, мұнайшы, әскери қызмет саласында жанұясымен бірге қызмет ететін отбасыларымен таныстық. Менің ойымша олардың барлығы «Мерейлі отбасы» атануға лайық. Бірақ біздің басты мақсатымыз – оларды бір бірімен жарыстыру емес, халықтың арасында дәріптеуге тұрарлық отбасылардың бар екенін елге паш ету. Бізді қуантқаны – аталмыш байқауға аралас отбасылардың белсене қатысуы. Көп ұлтты еліміз үшін бұл зор мақтаныш» деді Махаббат Бекбосынова.

Қуат ҚИЫҚБАЙ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =