«Мерейлі отбасы» байқауына қатыс!

0 29

Астанада «Мерейлі отбасы-2021» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне өтінімдер қабылдау жалғасуда. Тұңғыш Президент ­Н.Назарбаев бастамашылық еткен байқау осымен жетінші рет ұйымдас­тырылып отыр.Конкурстың мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті, некенің маңыздылығын насихаттау, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларға және қарт ата-аналарға қамқорлық көрсетуді насихаттау, қазақ отбасының оң имиджін нығайту. Додаға өздігімен өтініш беру арқылы қатысуға болады, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар ұсынған отбасылар қатысады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінімдерді қабылдау 15 маусымда аяқталады. Елордада байқауға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. 2018 жылы 51 отбасы, ал 2019 жылы 63 отбасы өтініш берген. Конкурс екі кезеңде өткізіледі: аудандық және қалалық. Бірінші кезең аясында конкурсқа қатысу өтінімдерін аудандық әкімдіктердің комиссиялары қабылдайды. Материалдармен танысқаннан кейін аудандық комиссия 15-30 маусым аралығында жеңімпаздарды және қалалық кезеңге өтетін 2 отбасын анықтау үшін отырыс өткізеді.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер PDF форматында mereiliotbasy2021@mail.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Қатысу шарттары туралы толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірлер арқылы біле аласыз: +7(777)010 40 42, +7(7172)55 67 08.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 5 =