МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ

0 140

Астанадағы күйші Дина кө­шесінде Жеңістің 71жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына арналған игілікті шара өтті.

Жиын барысында Алматы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Байболов пен «Күйші Дина» шағын орталығының басшысы Мәкен Қайыров сөз сөйлеп, тұрғындарды ұлы мейраммен құттықтады. Сондай-ақ, №22 мектептің оқушылары өз өнерлерін паш етіп, ауланы ән мен күйге бөледі. Мамырдың жаймашуақ күніне дөп келген мерекелік кештің соңы спорттық сайыстарға ұласты.

Ботагөз ИКРАМОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + 10 =