Мерейлі маусым «Абай» трагедиясымен жабылады

0 165

Бүгін Қ.Қуаныш­баев атындағы Мем­­­­­­ле­­кеттік акаде­­мия­­лық  қазақ му­зы­калық дра­ма театры ХХV мерей­той­лық мау­сы­мын М.Әуезов­тің «АБАЙ» трагедиясымен жабады. Театр ұжымы үшін бұл маусым толайым та­быстарға толы болды. 

Абай

Елорданың сүйікті театры осы уақыт аралығында бірнеше премьераларын халық назарына ұсынды. Олардың қатарында М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасы, Т.Теменовтің «Аққудың көз жасы…» лирикалық драмасы, О.Жанайдаровтың «Жұт» драмасы, А.Чеховтың «Шие» комедиясы, Р.Мұқанованың «Сарра» драмасы, А.Айларовтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясы және Ж.Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?…» драмасы бар. Танымал режиссерлер қойған премьералардың барлығын халық жылы қабылдап, келушілер қатары көбеймесе азайған жоқ.
Сонымен қатар, театр ұжымы бірнеше фестивальдерге қатысып, түрлі марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Өскемен қаласында өткен XXIII Республикалық театрлар фестиваліне «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драмамен қатысты. Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменовтің бұл қойылымы «Үздік режиссерлік шешім» номинация-сына ие болды. Ал Атырау қаласында өткен драматург Рахымжан Отарбаевтың Халықаралық театр фестивалінде «Көлеңкесіз жолаушы» драмасының бағы жанды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов «Үздік режиссер» номинациясын иеленсе, актриса Айнұр Бермұхамбетоваға «Үздік актриса» атағы тапсырылды.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 15 =