Мерейлі күн мерекесі

0 14

Елімізде 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Нұр-Сұлтанда бұл күні түрлі көрмелер, ақпараттық дәрістер, семинарлар ұйымдастырылады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Елтаңба, Ту және Әнұран күні қарсаңында елордада патриотизм рухын нығайтуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді насихаттауға бағытталған бірқатар имидждік іс-шаралар жоспарланған. Олардың барлығы «Мен Қазақстанның патриотымын!» ұранымен өтеді.
Іс-шаралардың арасында Мемлекеттік әнұранды бір мезгілде орындау, ақпараттық сағаттар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, кітап көрмелері, жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы секілді жиындар бар. 100-ден астам түрлі іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілмек.
2 маусымнан бастап «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» патриоттық челлендж-акциясы өтеді. Оны қолдауға елорда тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Facebook және Instagram желісінде мемлекеттік рәміздермен байланысты фото немесе бейнетүсірілімдер, түрлі посттар #МеніңрәміздерімМеніңмақтанышым, #Мемлекеттікрәміздеркүні, #МенҚазақстанныңпатриотымын, #ЯпатриотКазахстана хештегтерін пайдалана отырып жариялануы қажет.
Сонымен қатар қоғамдық орындарда орналастырылған LED-экрандарда, білім беру, мәдениет, спорт, медицина, СОО ұйымдарында және қоғамдық көлік мониторларында мемлекеттік рәміздер туралы аудио және бейнероликтер көрсетілетін болады.
4 маусым күні сағат 11:00-де «Атамекен» «Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің жанында қала әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайынғы автошеру басталады. ҚР Мемлекеттік туы бар 50 машинадан тұратын автокеруен елорданың басты даңғылдары мен көшелерінен – Тәуелсіздік, Тұран, Мәңгілік ел, Ұлы дала, Қабанбай батыр, Түркістан секілді тұстардан 29 км жүріп өтеді. Автошеру «Отан қорғаушылар» мемориалының жанына келіп тоқтайды.
Сол күні сағат 15:00-де мереке құрметіне Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері «Астана» концерт залында концерт ұйымдастырады. Көрермендер Майра Ілиясова, Алтынай Жорабаева, Рүстем Жүгінісов, Гүлнұр Оразымбетова, Светлана Айтбаева сынды әншілердің орындауындағы патриоттық шығармаларды тыңдайды. Іс-шараға кіру Ashyq мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік рәміздер күнінің құрметіне орай елордалықтар үйлерінің балкондары мен терезелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын іле алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =