Мерейің өссін, мұғалім!

0 29

Ертең ұстаздардың кәсіби мерекесі – Мұғалім күні. Мектеп жүрегіне баланған мұғалімдер мерекесіне орай кешеден бері астаналық ұстаздар қауымына құрмет көрсетілуде. Бүгінгі таңда елорданың білім беру мекемелерінде 17 мыңнан аса педагог қызмет етеді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналық үздік ұстаздарға 40 миллион теңге көлемінде қаржылық сыйақы берді.

Алғаш рет қала басшысы атынан «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогы» медалінің иегерлеріне 833 мың теңге төленеді. Сонымен бірге бірқатар оқу орнына 9 млн теңгеден әкім гранты берілді.

Қала әкімі Алтай Көлгінов ұстаздарды кәсби мерекесімен құттықтап, олардың қызметіне табыс тіледі. «Елордада жыл сайын оқу орындарын салып жатырмыз. Биыл салынған мектептер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Осы жылы 12 мектеп салынды. Келесі жылы тағы сонша мектеп салынады. Оқу орындарын заманауи жабдықтармен жабдықтап, инновациялық технология­ларды енгіземіз. Мемлекет басшысы «педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға, одан әрі 2024 жылға дейін тағы да 25 пайызға өседі. Өткен жылы біз тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік жәрдемақы түрінде 1 млн теңге көлемінде 275 тұрғын үй сертификатын өтеусіз негізде бөлдік. Биыл да ұстаздарымызға тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз. Қазақстандық ипотекалық компаниямен бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтер береміз. Бұл пәтерлер мұғалімдерге, әлеуметтік қызметкерлерге, полиция қызметкерлеріне, дәрігерлерге, өрт сөндірушілерге, мәдениет және спорт қайраткерлеріне беріледі. Түлектерге де қолдау көрсетіледі. Мамандықты тегін оқуға 900-ге жуық грант бөлінді. Қабылданып жатқан шаралар жұмыс үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және балалардың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті болуына бағытталған. Сіздің қажырлы еңбегіңіз үшін алғыс айтамын!» деді Көлгінов.
Елордалық педагогтарға «Халық алғысы», «Еңбек ардагері» медальдары, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және Білім және ғылым ­министрлігінің­ ­«­­­Ы.Алтынсарин» төс белгілері, грамоталар және т.б. табыс етілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 + 20 =