Мердігер ұйымға талап күшейеді

0 46

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы велосипедпен аралап шығып, абаттандыру жұмыс­тарының қарқынын тексерді.

«Қаланы санитарлық тазартумен қатар, саябақтар, алаңдар, бульварлар сынды қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырдым. Қоғамдық кеңістіктерді салып, кеңейту жеткіліксіз, оларға тиісті күтім жасау қажет. Көктемнің басталуымен оларды ретке келтіру керек: қардан тазартып, құрғақ бұтақтарды кесіп, шағын сәулет нысандарын ретке келтіру қажет және тағы басқа жұмыстар.
Қаланы жаяу аралау кезінде бірқатар саябаққа, соның ішінде тұрғындардың өтініші бойынша өткен жылы ашылған «Көктал» (Сарыарқа ауданы) елді мекеніндегі саябаққа және Ботаникалық баққа (Есіл ауданы) бардым. Сонымен қатар аудан әкімдеріне сапасыз жұмыс істеген мердігерлермен келісімшартты бұзуды, оларды жауапкершілікке тартуды және «қара тізімге» енгізуді тапсырдым. Жұмыстарды орындау кезінде мердігер ұйымдарға жоғары талап қою кәсібилігі төмен мердігерлерден тапсырыс алуға тосқауыл болады. Тек осылай ғана қызмет көрсету сапасын арттыруға болады» деді А.Көлгінов.
Бас қала басшысы қаланы аралап шыққан соң аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Бұдан былай әкімдер жұмыс күнінің басында және аяғында өзіне қарасты ауданды аралап шығатын болады. Сондай-ақ халықпен кері байланыс күшейтіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 7 =