МЕНІҢ ТІЛІМ – ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ

0 172

Биыл тұңғыш рет қала әкімі Әсет Исекешевтің «Тіл тұғыры» құрмет марапаты айтыс ақыны Аманжол Әлтай, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, әзілқой әртіс Тұрсынбек Қабатов және қазақ күресінен әлем чемпионы Айбек Нұғымаровқа табысталды.

Тіл фестивалі аясында та­бысталған марапат өз сала­сында мемлекеттік тілдің дамуына атсалысып, отансүйгіштікті ұлықтап жүрген, ұлтымыздың рухани құндылықтарын жаңғыртып, ел алдында жүріп, тіліміздің мәртебесін асқақтатқан азаматтарға берілді.
Фестивальді жүргізген ақын Қалқаман Сарин мен актриса Айгүл Иманбаеваның қағытпа қалжыңдары кешке көрік берді. Ал Алты­най Жорабаева, Ибрагим Ескендір, Маржан Арапбаева, Қуандық Рахым сынды қазақ эстрадасының танымал жұлдыздарының өнері көпшілікті тәнті етті. Фестиваль аясында Тілдерді дамыту басқармасы атқарып келе жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттық-насихаттық бейнесюжеттер көрермен назарына ұсынылды.
Аталған іс-шараға тіл жанашырлары, ел зиялылары, депутаттар, ардагерлер, қаланың құрметті азаматтары, қала басшылығы, белсенді жастар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Гүлдана Талғатқызы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × two =