«Менің Қазақстаным» пойызы оралды

0 134

ERA_0380

Кеше елорданың бас қақпасы Астана вокзалына айға жуық еліміздің барлық аймағын аралап келген «Менің Қазақстаным» пойызы оралды. Салтанатты шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері және мемлекеттік мекемелер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отыз күн бойы еліміздің 29 қаласы мен елді мекендерінде болып, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын түсіндіріп, «Мәңгілік ел» идеясын дәріптеп, шалғайдағы жұртшылықпен жақын тілдесіп, олардың мұң-мұқтажын естіп, елдегі тұрғындарға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетіп, түрлі мәдени-спорттық шаралар өткізіп, ойға алған барлық мақсатты орындап оралған сапардың мәні тағылымды дүниеге толы болды. Акция аясында қоғамдық келісім кеңесінің қа­был­дауында әлеуметтік мәселелері бо­йынша 1893 адам кеңес алып, биз­-
нес және ауылшаруашылық сала-­­лары жөнінде қойылған 1616 аза­мат­тың сұрақтарына жауап беріл­ген. Ал мәдени шараларды 180 мың
көрермен тамашаласа, жалпы, осы акцияға 960 мың қазақ­­стан­­дық қатысқан. Сондай-ақ, ізгі шара көле­мінде еліміздің барлық өңір­лерінде «Саламатты Қазақ­стан», «Денсаулық» және «Жәр­дем» медициналық пойыздары тұр­ғын­дарға дәрігерлік көмек көрсетті.

Бір ерекшелігі, «Менің Қазақ­станым» пойызы тек ел аралап қана қоймай, тарихи жерлерге де бас бұрып, арнайы ат шалдырған. Мәселен, Жер жәннаты Жетісуда болғанда, көрнекті ғалым Шоқан Уәлихановтың, Семейде Абай ата­мыздың тарихи мұражайларында болып,  кездесулер  өткізген.  Сон­дай-ақ, Қазақстан халқы ассам­блея­сының «Теңдессіз сыйлық» акциясы аясында шалғай ауылда орналасқан кітапханаларға қажетті кітаптар тарту етілді.

– Бүгін бізді елорданың өзі аспаннан жауған нұрмен қарсы алып тұр. Бұл – жақсылықтың белгісі. Біз барған барлық жерде табиғат-ананың өзі де осылай жадырап, жай­-нап тұрды. Барлық ел бізді құшақ жая қарсы алып, ыстық ықыластарын көр­сетті. Бұдан артық қандай қуа­ныш керек. Біздің елдің достыққа деген, бірлікке деген ілтипаты ерекше. Ел ішінен соны байқадық. Халықтың көңіл күйі жақсы, біз барған қалалар мен елді мекендерде көптеген оң өзгерістер болып жатыр. Пойызда жалпы саны 200-ге жуық адам болды. Олардың барлығы да тұр­ғын­-
дарға қызмет көрсетті, – деді «Менің Қазақстаным» пойызының жетекшісі Ғазез Телебаев.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 2 =