«Менің идеяларым – менің еліме!»

0 165

Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Білім басқармасы бірлесіп, «Менің идеям – менің еліме!» атты балалардың қоғамдық тыңдауларының ІІ кезеңін өткізуде.

Мақсаты – жасөспірім­дердің Отан­ға сүйіс­­пеншілігін арт­­ты­­ру, аза­маттық қоғамның да­муы­­на ба­­ла­лардың өз үле­сін қосу­ға мүм­кіндік беру.
Бала­лардың қоғамдық тың­дау­ларына Астана қала­­сының 20 білім беру ұйымдарынан әлеу­мет­тік, ақпа­раттық, бі­лім­дік, экологиялық та­қы­рыптарға бағыт­талған 21 жоба ұсынылды. Шараға барлығы 1200 адам қатысуда.

«Екінші рет өткізіліп отыр­­ған қо­ғамдық тың­даулар балалардың шы­ғар­машылық қабі­ле­тін анықтау­­ға, оқушылар ара­сын­да ерікті­лер қоз­ғалысын жандандыруға, талқы­­ла­­на­тын сұ­рақ­тар бойын­ша дә­­лел­ді пі­кір­лер айта білуге үй­ре­те­ді» дей­­ді Ас­тана қаласы Бала­­лар­дың құ­қық­та­рын қорғау депар­та­­мен­ті­­нің ма­ма­ны Тол­қын Жағыпарова.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 16 =