МЕНІҢ ДҰРЫС ТАҢДАУЫМ!

0 166

7J8AREBGDk0Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған «Менің дұрыс таңдауым!» атты акциясын өткізуде.

Акция төңірегінде техника саласында, атап айтсақ, инженер, фрезерші, электрик, сантехник, дәнекерлеуші, аспаз мамандықтарында және медицина саласында оқитын бір топ студент жастар үгіт-насихатқа белсене атсалысып жүр. Аталмыш шара осыған дейін қаламыздың ірі сауда орындары мен іргелес елді мекендерінде, сонымен қатар мектеп оқушыларына ұйымдастырылған. Кеше кездесу №62 мектеп-лицейде өтті. Әрі қарай аталмыш акция басқа жалпы білім беру мекемелерін қамтымақ.

 

Нұргүл МӘЛТІК 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − 9 =