Менеджменттің мүмкіндігі мол

0 111

Қазақстандағы білім жүйе­сі­нің реформалануына, нарық­тық тетіктерді ауқымды пайда­лануға байланысты білім беру меке­мелерін және еліміздің барлық білім жүйесін басқару күрделене түсуде. Сондықтан, қазіргі кезде аталмыш салада менеджменттік ұстанымдарды қалыптастыру, жоғары және арнаулы кәсіби білім беру мекемелерінде білікті менеджмент мамандарын даярлау курстарын ұйымдастыру жіті қолға алынуда. Астана қаласы Білім беру бас­қармасы мен «Тұран-Астана» уни­верситеті бірлесіп, «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» тақырыбында біліктілікті жетілдіру курсын қолға алды.

Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы 2050 жылға дейінгі бағытымыз бен бағдарымызды ай­қындап берді. «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деген жолдар саланың барлық өкілдеріне серпін берді. 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы да іргелі қадамдарға бастау болуда. Осы құжаттарға қолдау білдіріп, жүзеге асыру мақсатында басталған шарада корпоративті басқару принциптерін енгізу негізінде мектеп және кәсіби білім беру жүйесіндегі менеджмент жетілдірілмек.

Курсқа шақырылған мектеп және орта кәсіби білім беретін мекемелердің басшылары мен орынбасарлары қазіргі заманауи әдістерді қолдану арқылы кредиттік технология бойынша оқытылуда. Ал, шара соңында тыңдаушыларға сертификаттар және білім беру мекемесінің даму бағытын анықтауда менеджмент әдістерін жандандыру үшін әдістемелік материалдар таратылады.

Ерман ШЕРТАЕВ,
«Тұран-Астана» университеті гуманитарлық заң факультетінің деканы, техника ғылымының кандидаты

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =