Менделеев олимпиадасына әзiрмiз

0 119

Химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы 23-29 сәуiр күндерi Назарбаев университетiнде өтетiнiнен бүгiнге дейiн БАҚ арқылы хабардар болғанбыз. Бiлiм додасына санаулы күндер қалды. Мұнда елiмiздiң де намысы сынға түседi. Осы орайда, айтулы шараны ұйымдастырудың басы-қасында жүрген Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжiрибелiк орталығының директоры Шолпан Қирабаеваны әңгiмеге тарттық.

– Кезектi олимпиаданың бұрынғылардан ерекшелiгiн атап айтасыз ба?..
– Бұл олимпиаданың басты ерекшелiгi, шараға бұрын-соңды қатыспаған Венгрия, Грузия, Эстония, Литва, Индонезия, Германия және Франция оқушылары мен жас химик­терiнiң құрамалары келедi. Негiзiнен бiлiм жарысына ТМД елдерiнiң, Оңтүстiк-шығыс Азия, Балтық жағалауы мемлекеттерiнiң оқу­шылары дәстүрлi түрде қатысып отырады. Биыл олимпиадаға қатысу үшiн 120 бала Астанаға ат басын тiрейдi деп күтiлуде.
– Оның iшiнде өзiмiзден?..
– Қазақстан құрамасының сапына елдiң әр аймағынан сұрыпталған 15 оқушы кiрдi. Олардың барлығы – химия олимпиадаларында бiрнеше рет жүлде алған жеткiншектер.
– Айтқандай, олимпиаданың тарихына аздап тоқтала кетсеңiз…
– Химия пәнiнен Халықаралық Менделеев олимпиадасы 1956 жылдан берi үзбей жалғасып келе жатқан дәстүрлi шара. Олимпиада Астана қаласында алғаш рет өтпек. Ал, осыдан 10 жыл бұрын Алматыда ҚазҰУ-нiң базасында ұйым­дастырылған болатын. Атаулы шара ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Химия мен био­логияның 1-құрылтайы қарсаңында өтiп жат­қандығын да айтқым келедi.
– Ендi екi теориялық, бiр тәжiрибелiк кезең­нен тұратын жарысқа дайындық барысы қалай?
– Бүгiнгi таңда Қазақстанның брендiне ай­налған Назарбаев университетiнiң базасында өтетiн тәжiрибелiк сынақтарға қажеттi хи­миялық құрал-жабдықтар сатып алынды. Қатысушыларды жарыстан тыс уақыттарда Астана қаласында, Көкшетауда қыдырту жоспарланып отыр. Олар өзiмiздiң «Ханша­тырды», «Бәйтеректi», «Думанды», басқа да көрiк­тi, қызықты нысандарымызды тамашалап, «Балдәурен» демалыс орнына барады. Онда спорттық шаралар, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылады. Қысқасы, Менделеев олим­пиадасын өткiзуге тас-түйiн әзiрмiз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 − 7 =