«Мен және Заң»

0 156

 

Астанада «Мен және Заң» жобасы аясында түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейд жүргізілді.


Рейд Есiл ауданынан басталды. Заң қызмет­керлерінің айтуынша, жаз мезгiлiнде Астанаға жұмыс iстеуге келетiн 18-ге толмаған жасөспiрiмдер саны артады. Шара барысында «Ажур», «Прайм» түнгi клубтары, «Портофино» мейрамханасы мен «Андеграунд» клубы тексерiлді. Тексеру кезінде ұсталған жасөспiрiмдердiң барлығы Астана қаласының №13 полиция бөлiмшесiне жеткiзiлiп, ата-аналарының атына ескерту хаттамалары толтырылды. Жастар саясаты мәселелерi басқармасы қызметкерлерiнiң айтуынша, рейд 26 шiлде күнi Алматы ауданында жалғасады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 1 =