«МЕН – ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫМЫН!»

0 1  581

Әнұран – халық жүрегінің лүпілін түйген асқақ әуен. Әуелеген әнұранымыз бүкіл әлемге жаңа тәуелсіз мемлекеттің келгенін әйгіледі. Мемлекеттік рәміздеріміз арқылы бізді бүкіл әлем таныды.

Көк байрағымыз желбіреп, әнұранымыз шарықтап, қыранымыз қалықтады.Әнұранды ардақтау – Қазақстан халқының абыройлы міндеті. Осыған орай Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің алаңында «Мен -Қазақстан азаматы­мын!» атты патриоттық ак­ция өтті. Оның барысында 3 мыңға жуық адам бір мезгілде еліміздің әнұранын орындады. Акция жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік нышандарға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Әнұранды шырқаушылар ал­дында Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті, заң ғылымдарының докторы, про­фессор Мақсұт Нәрікбаев сөз сөйледі. Шара соңында республикалық гвардияның құрметті қарауылының плац-концерті өтті.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × three =