«Мен қазақша сөйлеймін!»

0 44

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» орталығының бастамасымен қыркүйек айы «Тіл фестивалі» болып жарияланды. Осы игілікті шара аясында «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясы ұйымдастырылды.Іс-шара барысында акцияның арнайы белгісі бар футболка мен кепка киген еріктілер қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, Қазақстан халқы тілдері мерекесі туралы дайындалған материалдарды қоғамдық орындарда таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара «Бәйтерек» маңындағы бульвардан басталды. Сонымен бірге еріктілер елордадағы Ботаникалық саябақ, астаналық арбат және Хан-Шатыр сауда, ойын-сауық орталығында болып, Тіл фестивалінің бағдарламасы мен құттықтау сөзі жазылған төрт бұрышты фото рамка қойып, адамдарды естелік суретке түсірді. Одан кейін аталған шара шаһардағы бірқатар сауда орталықтары мен теміржол және әуежай ғимараттарында жалғасын тапты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =