МЕН БІЛЕТІН СЕЙДАҒАҢ

0 109

«Лениншіл жас» газетіне Сейдағаңның – Сейдахмет Бердіқұловтың орынбасары­ болып 1979 жылдың көктемінде келіп, жеті жылдан астам уақыт жұмыс істедім. Ал бұл Сейдағаңның кейбір қасиеттері туралы­ өз тұрғымнан сөз етуге мүмкіндік беретін уақыт деп білемін.

Редакторлығы

– Орынбасар болып, шығуына тікелей атсалысқан алғашқы нөмі­рің­ құтты болсын, – деді Сейдағаң ерте­ңі­не амандасу үшін кабинетіне кір­ге­нім­де. – «Лениншіл жастың» тарихын біршама білетін болуың керек, тереңдеп білуді жата-жас­та­на жүзеге асырарсың. Ал, қазір жігіт­тер­мен сөйлес, жыл басынан бері шыққан нөмірлерді қарап шық. Әр бөлімнің нені қалай жазғанын аңғар. Мына комсомолдың Орта­лық­­ ко­­ми­­­те­­тін­­дегі басшылар Қуаныш Сұлтанов ағаң бірінші хатшы болып келгелі газетке қатты назар ауда­­ра­­тын болды. Жігіттердің шығар­­­­ма­­­шы­лық қызметін маған қойып бер. Сен комсомолдан кел­ген тапсырмалардың орындалуын тікелей қолыңа ал. Оларға жос­пар жасау керек, облыс­тар­ бой­ын­­ша жікте. Тілшілер партия­лық­ га­зет­те­гі­дей облыстарға бөлінбеген. Солар­­дың жұ­мы­сын нақты қада­ға­лау керек. Сөйтіп барып, тоқсан сайын редакциялық жоспар түзе­сің.­ Бәрін жоспарға байлама, еркін­дік­ көбірек болсын. Тек негізгі рубри­­ка­­лар­дың шығуын жоспарла.

Орынбасардың екінші бір мін­­­деті – редактордың беделін түсір­­меу. Сенсіз де жиған-тер­ге­­­­ні­­­­міз жо­ғал­майтын болуы керек.­ Бірақ күн­де­­лік­ті жұмыста редак­то­рың­ның­ беделді болуы тікелей саған қатыс­ты.­­ Редак­тор­дың­ айтқаны арты­­ғы­­мен орындалып отырса, редак­­тор­­дың сөзі жерде қалып жатпаса, сенің де озғаның. Қалғанын, аман­шы­лық болса, жүре-бара үйре­не­сің.

Сейдағаң «Жалын» баспасы­на директор болып кеткенше бұ­дан­ кейін менің қызметім туралы еш­те­ңе­ айтқан емес. Ағалы-інілі болып, түсінісе жұмыс істедік. Ар­тық­ ке­тіп, кем түсіп жатсам, хат­ бөлі­мін­дегі Бибіхан апайға құлақ­­­қа­ғыс қылып кететін. Апай тігі­сін­ жатқызып, маған жеткізетін. Бірде отбасылық жағ­дай­ым ту­ра­лы сұраған болуы ке­рек, әйелім бәлен жерде жұмыс істейді деппін. Үш-төрт күн­нен­ соң­ апай: «Ағаң сұрай қал­са, «келі­ні­ңіз­»­­ деп өзіңе тарта сөй­ле­сең­ші» деп­ ескерткен болатын. Шынын айт­сам, Сейдағаңмен әңгі­ме­лес­кен­де ­әр нәрсені байқап сөй­лейтін бол­дым. Жалпысында,­ қаза­­қы сы­па­йы­­­гер­­­ші­­лік­­­пен сөй­леуге «Ленин­шіл жаста» үй­рен­дім.

Ілездеме кезіндегі пікірлесу барысында жігіттерге берген­ тапсырмаларына немесе қызметкер­лер­дің әрқайсысына жүктелген тақы­рып­тар­ға орай әр нөмірге қандай материал баруы керектігін маған, жауапты хат­шы Ерғали Сағатовқа алдын ала ескертіп, мақа­ла­лардың дер кезін­­­де жазы­луын­ мұқияттайтын. Кейде жігіт­тер­мен өзара әңгіме барысында «Сейдағаңның басында қанша тапсырма жүр екен?» десе­тін­біз.
Сонан соң сол мақалалардың қалай берілуін, тақырыбы қандай шрифтпен терілуі керектігін тапсырып жататын. Бұл тұрғыда макет қарау барысы кейде қып-қызыл таласпен өтетін. Жігіттер жатып қал­ған материалдарын айтса, Сей­да­ғаң тәуір деген дүниелерді ғана бергізетін. Ал, талас дегенге ал­ды ашық болатын. «Бұл да бір­ шы­ғар­­ма­­шылық» дейтін. Материал­дар­дың, беттердің безенді­рілуі­ деге­­­ні­­­ңіз газетке қол қойылғанша бір тоқтамайтын.

Жақсы дүние шықса, балаша мәз болатын. Өзі кабинеттерді аралап,­ жігіт­тер­мен пікірлесетін. Сол тақы­­рып­­тың одан әрі өрістеуіне жол ашатын. Ал енді Алматыдағы жетім бұрыш туралы топтама шық­қан­да, түстен кейін Жазушылар одағын, баспаларды аралап, айрық­ша масаттанып оралған. Редактор үшін басқа басылымдардағы жақсы дүниелерді бағалай алу ғана емес, өз газетіңде шыққан тәуір мақалаларға шын қуана білу де қажеттілік екенін редактор Сей­да­ғаңнан үйренгенбіз.

Турашылдығы

Бұл қасиет жастар газетінің редакторы Сейдахмет Бердіқұловқа жақсы қызмет еткенімен, көп кесі­рін­­ де тигізді-ау деймін.
Әр жылдары «Лениншіл жас­тың»­ басшысы болған тұлға­лар­дың тізімін жасағаным бар еді. Редактор тізімді қарап отырды да:

– Бәрі де өткір қылыш секілді, көлгірсуді білмейтін, кесіп түсетін тұлғалар ғой, – деді. Осы сөздің ақи­­қа­­тына көп ұзамай көзіміз жеткен.
Аға ұрпақ өкілдерімен кездесу болып, оған қатысқандар алдында Бейсекең – Бейсембай Кенжебаев­ ағай да сөй­ле­ген. Сөзін жайлап бас­­та­­ған ақса­қал әңгімесінің орта шенін­де өзі­нің кезіндегі «Ленин­шіл­ жас» туралы айта келе:

– Сол тұстағы екі газеттің ара­сы­нан «Лениншіл жастың» қызық­ты­ болып шыққаны рас қой, – деді. Бас­қо­суға қатысып отырған Әбе­кең – ақын ағамыз Әбділда Тәжі­баев жұлып алғандай:

– Ойбай, Бейсеке-ау, мына жақта «СҚ»-ның бірінші орынбасары­ Бал­ғабек Қыдырбекұлы отыр ғой,­ – деп бір әзіл тастады. Сәл үнсіз­дік­ ор­нады. Жастар жағымыз шыны­мен­-ақ ыңғайсызданып, бәріміз Бей­се­кеңе қарадық. Ақсақалдың бет­-жүзі­нен ондай ештеңе аңға­рыл­ма­­ды. Сол тұрған қалпында:

– Е-е, айтылатын сөз айтылып кетті ғой, – деп әңгімесін әрі қарай жалғай берді.

Сейдағаң да ойындағысын іркуді біл­мей­тін­дей көрінетін. Бірде Жазу­шы­лар ода­ғын­да болған бір­ әң­гі­мені айтып келді. Сөз Мәс­кеу­дегі үлкен ЦК-дағы идеоло­гия хат­шы­сы туралы болып, Сей­да­ғаң: «Ондай қыз­метке партия жар­ғы­сы­ның бір әрпінен де айнымайтын адамдар керек. Бірақ Мәскеуге бар­май-ақ, Алматыдан да сондай функ­цио­нерді табу­ға бо­ла­ды ғой» депті. Көп кешік­­­пей жаңағы сөз үлкен үйдің наси­хат бөлі­мі­нің­ мең­ге­ру­шісі ау­зы­­­нан «Сонда сіз кімді айтып тұр­­сыз?» деген сұраулы сөй­­лем болып оралыпты.

Сейдағаң біреуге ұрысатын неме­­се­ ренжитін кезінде хатшы қыз ар­қы­­лы шақыртады. Мұны Гүлайна да білетін. «Сізді бастық шақырып жатыр. Ұрсады-ау деймін». Кірдім. Артым­нан секретариаттың тілшісі де ере кірді. «Аға, өзіңіз оқыпсыз ғой,­ сіздің қолыңыз тұр» деп бір мате­­­риал­­­дың түпнұсқасын алдына қойды.

– Е, өзім де солай екенін білемін, бара бер, – деп маған бұрылды. – Ай, Ержұман батыр, адам өлтірген айып­­та­лу­шы­ны сот­та қор­ға­ған адво­­кат­­қа не­ іс­теу­ге болады? – деді бас­тық.

– Оның міндеті қандай жағдайда да айыпталушыны қорғау ғой…

– Ай, сонда мына материалды қалай жібергенбіз?

– Аға, ол материал қызық екен, өзіңіз оқыпсыз, сосын мен қарсы болмадым.

– Турасын айтқаныңа рахмет.­ Жаңағы қарындасқа да адвокатты жерден алып, жерге салғанымыз құқықтық қателік екенін білмей­ті­нім­ді турасынан айттым. Адво­кат газетіңді керемет оқиды екен, бәрін біліп отыр. Әйтеуір, түсіністік. Ен­ді­гі­ жерде кімді не үшін қорғағанын емес, қалай қорғағанын ғана сөз етейік, – деді Сейдағаң.

Сейдағаңның турашылдығы мен ойына не келсе соны ірікпей айтатын мінезі үшін партиялық функ­цио­нер­лер талай жерде аяғынан шалып, құлатқаны да белгілі еді. Алай­да осы­ның бәрі оны жұрттың құр­ме­ті­не бөлеп, біз үшін үлкен мектеп бол­ға­ны анық.

Партияшылдығы

БЛКЖО Орталық комитеті 3-4 жылда бүкіл еліміздегі комсомолдық басы­лым­дар­дың басшыларын жинап, бір­ ай­дай оқытатын. Кезек­ті шақы­ру­ға Сейдағаң мені жібер­ді. Бұл кезде Күләтай тәте сыр­қат­та­нып,­ ағаның мазасы болмай жүрген.

Мәскеуге келіп, бірінші күнгі ұй­ым­­­дас­ты­ру шараларына қатыстық. Кура­­­то­­ры­­мызға Қазақстаннан, «Ленин­­­шіл жастан» келгенімді, аты-жөнімді айтып, орныма отыр­ға­ным сол еді, қасыма Латвиядан келген редактор қыз жайғасты.

Атын айтып, бірден Сейдағаңның жағдайын сұрады. Бәрін жақсы деп жатырмын.

– Өткен жолы оқығанда Саке бізге қатты ұнады. Ештеңеден тартынбайды екен. Қоштасу банкетінде оты­ры­сы­мыз­ды Саке жүргізді. Сон­да сөзін былай деп бастаған еді:­ «Міне, сол қалтамда партбилет­ жатыр. Оның арғы жағында дүрсілдеп тұрған жүрегімде феодалдық түсі­нік­тер жатқанымен, менің халқым – қазақтар қыз балаларды айрық­ша­ құрметтеген» деді де, сөзді қыз­дар­ға бере бастады. Отырысқа ком­со­мол­­дың насихат бөлімінен қатысып отырған жігіт: «Сейдахмет Бердикулович, жаңағы сөзді феодализмге соқпай-ақ айтуға болмас па еді?» деп­­ қал­­ға­­ны. Саке оған қысылған жоқ.­­ «Қазақ­тарды капитализмге соқ­пас­­тан, социализмге бірден ат­та­ған дейді. Демек, інішек, біз фео­да­лизмге соқпай жүре алмаймыз» деді. Бәріміз разы болдық. Сакеге сәлем айтыңыз, – деп аяқтады сөзін латыш­тың редактор қызы.

Мен Сейдағаңа қатты сене­тін­мін.­ Бір ғана мәселеге – оның партия­шыл­дығына күмәнім болатын. Солай болса-дағы, содан беріде өткен ширек ғасырда қаншама тұлғаларға орынбасар, бірінші орынбасар болып жүргенде, өзім де газет бас­­шы­сы болып көргенде қандай да­­ бір­­ мә­­се­­ле­­ге күмәнданатын бол­сам, өзімнің дұрыстығымды Сей­да­ғаңның түсіні­гі­не салып тексеретінмін. Ширек ғасырда бір-екі рет қателескен де­ бо­лар­мын. Онда да бұл артық кетіп, кем түсіп жата­тын баяғы өзім­бі­лем­шіл­ді­гім­нен­ орын алды. Әйтпесе, барын­ша дұрыс келемін.

Ержұман СМАЙЫЛ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 1 =