Меморандумға қол қойылды

0 140

Кеше елорда әкімдігінде Астана қаласының Қоғамдық ден­­­­саулық сақтау басқармасы мен Инчхон (Оңтүстік Корея) қалалық әкімшілігі денсаулық сақтау департаменті арасында медициналық ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Кездесуге Инчхон қалалық әкімшілігінің халықаралық медициналық бөлімінің бастығы Со Ги Хо мырза бастаған делегация өкілдері, Астана қаласындағы дәрігерлік ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында тараптар бір-бірімен қалалардың халқы, денсаулық сақтау мекемелері, үздік тәжірибелер төңірегінде ақпарат алмасты. Шетелдік қонақтар елордадағы медициналық мекемелерді жекеменшік басқаруға беру тәжірибесіне қызығушылық танытты. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Камалжан Надыров оңтүстік кореялық әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін мәлімдеді.
Меморандумның мақсаты – өзара тиімді және тең дәрежеде екі қаланың ұйымдары арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастарды қалыптастыру. Меморандум шеңберінде бірлескен іс-шаралар мынадай формада жүзеге асырылады: біріншіден, Инчхон мен Астананың медициналық мекемелері арасындағы білім беру бағдарламасымен алмасу. Екіншіден, екі жақты қатынастарды жандандыру және маркетинг қызметін жетілдіру саласындағы үздік технологиялармен, ынтымақтастықпен алмасу. Үшіншіден, тараптар екі қала арасындағы медициналық қызмет саласындағы ақпараттармен бөліседі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 5 =