©2020 Астана Ақшамы
Меморандумға қол қойды
«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы мен Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Жаңа құжат бірнеше маңызды тараудан тұрады. Ең маңыздысы – «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру.
«Бұл құжат біз үшін өте маңызды. Мақсатымыз – Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында бюджеттік-қаржы процесіне ұқыпты және саралай қарау туралы тапсырмасын орындау әрі бағдарламалық құжатты кеңінен насихаттау. Бұл тек қана арнайы мемлекеттік органдардың шаруасы емес. Бұл – бүкіл азаматтық қоғамның ортақ міндеті. Сондықтан, бүгінгі жасалып отырған келісімдер осынау іргелі іске аса маңызды үлес қосады деп сенеміз, – деді «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов.
Қымбат НҰРҒАЛИ