Мемлекеттік тілге мән береміз

0 88

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Әділет департаменті халыққа құқықтық сала бойынша жоғары деңгейде заңгерлік қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде департаментте барлық құжат мемлекеттік тілде жүргізіледі. 

Халықтың заңы білім алып, жалпы құқық­тық мәдениетті қалыптастыруында тілдің қол­да­ныс аясын кеңейту – өзекті мәселе. Өйткені, қоғам­ның одан әрі өркендеп дамуына, әсіресе жастардың құқықтық сауатын ашуда, көз­қара­сын қалыптастыруда оның маңызы зор. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сай қыз­мет­кер­лердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне айрықша көңіл бөлінген.

Қазақ тілінің өрісін кеңейтуде тек оқу курстарын ашу жеткіліксіз. Сондықтан Әділет департаменті тілдің аясын кеңейтуге арналған түрлі сайыстар өткізуді дәстүрге айналдырды. Сондай-ақ, оқыту сапасын арттырып, әдістемелік құралдарды жетілдіруге жете мән беріледі және мамандар мен аудар­ма­шылардың түрлі тақырыптық, салалық семинарлары мен ғылыми-практикалық конференцияла­ры­ ұйым­дас­тырылады. Мем­лекеттік тілді іс­ құжат­та­рына енгізу мақсатында мемлекеттік қыз­­мет­ші­лерді оқыту мәселесі бүгінгі таңда жүйелі арнаға түсті.

Өзге ұлт жастарының мемлекеттік тілге деген ынтасы жыл сайын арта түскенін айтуымыз керек. «Тіл туралы» заңның 4-бабында «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Респуб­­ли­касының әрбір азаматының парызы…» делінген. Қазақ елінің тәуелсіздігінің рухани тірегі – қазақ тілінің де тәуелсіз, еркін қолданысын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл бағытта атқаратын шаралар баршылық. Себебі, қазақ тілі – бір ұлттың немесе бір топтың тілі емес, барша қазақстандықтардың тілі.

Камила ХАЙРУЛИНА,
Құқықтық түсіндіру және халыққа
заңгерлік көмек көрсету бөлімінің
іс жүргізу инспекторы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + fourteen =