Мемлекеттік тілді тегін оқытамыз

0 112

Жұмагүл ТҰРЛЫБЕКОВА, «Руханият» орталығының директоры

– Жұмагүл Арапбайқызы, Ас­тана­ қала­сын­да мемлекеттік тіл­­дің аясын ке­­ңей­ту үшін те­гін оқыту курстары ұйым­­дас­тырылуда. Жал­пы бағ­дар­ла­маға кімдер қатыса алады?
– Елбасы Н.Назарбаев Жолдауында бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі ел бірлігі мен тілге баса назар аударды. «Тілге де­ген көзқарас – шындап келгенде елге деген көзқарас. Қазақ тілі жаппай қолданыс ті­лі­не айналып шын мәнінде мемлекеттік тіл мәр­тебесіне көтерілгенде біз елімізді Қазақ мем­ле­кеті деп айтатын боламыз» деген болатын. Сон­дықтан, біздің орталық мемлекеттік тілді дамыту үшін аянбай еңбек етіп келеді.
Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын ке­ңейту үшін қолға алынған бағдарламаның бі­рі – қазақ тілін үйренуді мақсат еткен қала тұр­­ғындарын тегін оқыту. Бұл үрдіс орталықта 2007 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп ке­леді. Бірақ, айта ке­тетін бір мәселе мемле­кет та­­рапынан бөлінген қаржыға бі­рін­ші ке­­зек­­те­ мем­ле­кет­тік және бюджеттік сала қыз­мет­кер­ле­рін­ оқы­тамыз. Одан кейін ғана елорданың кез кел­ген тұрғынын оқытуды жүзеге асырамыз.
– Өткен жылы осы бағ­дар­лама бойынша қа­ла тұр­ғын­да­ры­нан қанша адам қазақ тілін мең­­герді?
– 2012 жылы өтініш білдірген қала тұрғын­да­­рының ішінен 46 азамат мем­лекет­тік тілді үй­реніп шықты. Биыл тегін оқыту курстарына жа­зылу 31 қаңтарға дейін жалғасады.
– Оқу жүйесі қалай жүргі­зі­леді?
– Өтініш берген азаматтардың тілді білу дең­ге­йін тест арқылы анықтап, оларды үш деңгей (бас­тапқы, орта, жоғары) бойынша топ-топқа бө­ліп оқытамыз. Әр топта кем дегенде 12-14 адам болады.
– Қазақтарға қазақ тілін үйрету аса қиын емес шығар?
– Әрине, қиын емес. Себебі, олардың бойы­на ана тілі ана сүтімен дарыған ғой. Бүгінгі таң­да мемлекеттік тілді оқып-үйренуге кез кел­ген ұлт өкілінің мүмкіндігі мол. Негізінен, оқы­ту курсындағылардың басым бөлігі өзге ұлт өкілдері. Егерде тілді мақсатты түрде үй­ре­­нем­ де­ген азамат әрбір уақытын ұтымды пай­даланса және сабаққа уақытылы қатысса мін­детті түрде тіл үйренуде нәтижеге жетеді. Бірақ басқа мәселеде қиындық бар. Яғни, қазақ тілін оқимын деп, тегін ұйымдастырылған курс­қа жүз адам жазылса, солардың ішінен 30-40 азамат ғана бітіріп шығады. Олар курсты аяқтаған соң сынақ тапсырып, арнайы сертификат алады.
– Оқуды жарты жолдан тас­тап кеткендерге сертификат бе­ріл­мей ме? Олар не үшін курсты аяқ­тау­ға құлықсыздық танытады?
– Оқуды аяқтамағандарға және сынақтан өт­пей қалған азаматтарға сертификат берілмейді, анық­тама беріледі. Бұған себеп Астана тұр­ғын­дары әртүрлі жағдаяттарға байланысты оқу­ды аяқсыз қалдырады. Студенттер сессия ке­зінде, қызметі барлар іссапарға кеткенде, сондай-ақ тұрақты жұмысы бар азаматтар да кейде қызмет бабымен оқуды жалғастыра алмай жатады. Олар оқу бағдарламасынан қалып қойғандықтан, аз уақыт кешіксе де қайтадан қабылдай алмаймыз.
– Рахмет!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × four =