МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ – МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ

0 1  316

flag

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба – тәуелсіздіктің тірегі, бабалардың асқақ арманы мен асыл мұраты. Оны біліп, көңілге түйген бір бөлек, ал, мемлекеттік рәміздерді дұрыс орналастыра білудің жөні басқа.
Осы орайда мемлекеттік рәміздердің белгіленген стандарттарға сай келуі мен орналасу тәртібін тексеру мақсатында Астанада рейд өтті.

Айтулы шараның нәтижесі жайын­да Астана қаласы Ішкі саясат бас­қар­масы Талдау, мониторинг және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы  Гүлжан Елубаева баяндап берді: «ҚР Үкіметінің 2007 жылғы қаулысы бо­йынша Мемлекеттік Ту мен Елтаңба ұлттық стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Осы стандарттар 2008 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілген. Мемлекеттік стандарттардың тағы бір талабы – мемлекеттік рәміздер түнгі уақытта жарықтандырылуы керек. Тексеру барысында техникалық және басқа да талаптарға сай келмейтін бірнеше факт анықталды. Заң бұзушылыққа жол берген барлық мекеме басшыларына арнайы ескерту жасалып, хат жолданды. Олар бір күннің ішінде заң бұзушылықты жоюы керек. Егер бұл талап орындалмаса, материал Астана қаласының сотына жіберіледі. Егер дерек расталса, мекеме 200 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді».

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × three =