Мемлекеттік қызметтер онлайн түрде қолжетімді болады

0 9

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі шаралардың қабылдануына байланысты азаматтар мемлекеттік қызметтің 100-ден аса түрін үйден шықпай алуына болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram каналында мәлім етті.Хабарламада «Елімізде коронавирустың таралмауы жөніндегі арнайы шаралардың қабылдануына байланысты қоғамдық орындарға барудан аулақ болу ұсынылады. Сондықтан кейбір қызметтерді онлайн алуға болатындығын ескертеміз. Мысалы, www.iqala.kz порталында үйден шықпай-ақ жарық, су, электр, телефон және қызметтердің 100-ден астам түрлерін қосуға мүмкіндік болады. Сонымен қатар Iqala порталында тұрғындарға лифт пен көлік карталарын толтырып, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, көлік салығын есептеуге, су есептегіштердің көрсеткіштерін тексеріп, қайырымдылыққа салым жасауға мүмкіндік жасалған. Ал Smart Astana қосымшасында карантинге қатысты барлық ақпаратты алуға болады. Одан бөлек, e.astana.kz порталында онлайн режимінде баланы кезекке қоюға немесе оның қозғалысын қадағалауға, ПМПК емтиханына тіркелуге немесе бақшадан орын алуға болады. Цифрлық қызметтерді пайдаланыңыз, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, қоғамдық орындарға баруды барынша азайтыңыз, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын орындаңыз» деп жазылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды