Мемлекеттік қызметтер 100 пайыз онлайн форматқа көшті

0 25

Цифрландыру бойынша стратегиялық міндеттер белгіленді. Қазіргі уақытта қала әкімдігі 159 мемлекеттік қызмет көрсетеді, ал «iQala» орталығы тәулік бойғы режимде 151 қызметті тікелей ұсынады. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес елорда әкімдігі жанынан цифрландыру бойынша IT-кеңес құрылды, оның аясында халықтың тыныс-тіршілігін жақсарту үшін соны шешімдер енгізілді.

 Өткен жылы 7 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 6 милионнан астамы электрондық форматта жүзеге асты.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін өткен жылы «Қауіпсіз қала» пилоттық жобасы іске қосылды. Бүгінде қанатқақты жоба іске асырылу сатысында тұр. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанның зияткерлік көлік жүйесі IDC халықаралық компаниясының нұсқасы бойынша Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болды.
2021 жылға қаланы цифрлық жаңғырту бойынша бірқатар стратегиялық міндеттер белгіленді.
1. Әкімдіктің IT-архитектурасын әзірлеу. Сәулет цифрлық трансформацияны жүргізу және әкімдік қызметі үшін мемлекеттік органды ақпараттандырудың ағымдағы және жоспарланатын жай-күйінің сипаттамасын қамтиды.
2. Тұрғынның бірыңғай картасы жобасын іске асыру әлеуметтік салаға бағытталған бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, жеңілдіктер алушы көлік, дәріханалар, дүкендер, ТКШ, мектептер, балабақшалар санаттары бойынша белгілі бір қызметтерге ақы төлей алады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, әртүрлі басқару органдарының автоматтандырылған жүйелерінің интеграциясы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
3. Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін, телекоммуникация желілерін және басқа да ақпараттандыру объектілерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын болады.
4. «Ақылды шлагбаум» жобасын дамыту. 2020 жылы бірнеше қанатқақты жоба іске қосылды, олардың бірі – «Ақылды шлагбаум» жобасы. Шлагбаумға орнатылған жүйе тәуліктің кез келген уақытында жедел жәрдем және басқа да жедел әрекет ету қызметтері үшін шлагбаумдардың автоматты түрде ашылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл бұл бағытта да жұмыстар жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 6 =