МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР САЙЫСЫ

0 111

Елордада мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада жалғасуда. Астана қаласы Дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастырған жарыстар Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығы  аясында өткізіліп жатыр.

aKXu-6VEx7Y

«Жеті қазына» кешенінде өткен бильярд турниріне қатысушар көп болды. Әр басқарманың атынан сынға түскен әуесқой спортшылар алдымен топ-топқа бөлініп ойнады. Ал топтық бәсекеден іріктеліп шыққандар спартакиада жүлдесін сарапқа салды.
Жарыс барысында ұйымшылдығы мен шеберлігін дәлелдеген Ішкі саясат басқармасы, Құрылыс басқармасы, Ішкі істер департаменті, Статистика департаменті, Әділет басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Тұрғын үй инспекциясы басқармасының спортшылары ширек финалға өтті. Ал шешуші ойындарда жолы болған командалар жүлделі орындарды бөлісті. Атап айтқанда, спартакиаданың бильярд жарысында Төтенше жағдайлар департаменті командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Статистика департаменті, ал үшінші орынды Ішкі істер департаментінің спортшылары иеленеді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × five =