Мемлекеттік қызмет мінсіз болсын

0 18

2021 жылдың 4 тоқсанындағы көрсеткіш бойынша елордада 250 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 224 мыңы немесе 91 пайызы электронды үкімет порталы және ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылды. Электронды форматта көрсетілген қызмет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көбейген.

2c95f2abc0f13c9810f4900a8e4cd90f_original.44646

Мемлекеттiк қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру.

Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы да мемлекеттік қызметтердің 21 түрі көрсетіледі, оның ішінде: мемлекеттік қызметтің 91 пайызы egov.kz порталы және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілді. Бірнеше жылдан бері басқарма қызметтері Open space форматында көрсетіліп келеді. Аталған көрсеткіштің жақсаруына халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру септігін тигізді, пандемия жағдайында мемлекеттік қызметтер көрсету онлайн режимінде және электронды форматта жүзеге асырылды.

2020 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік қызметтер порталы – aleumet.egov.kz іске қосылды. Оңалту құралдары мен қызметтері нарығына тең қолжетімділік, оңалтудың техникалық құралдарын және оңалту қызметтерін тәуелсіз таңдау мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Мемлекеттік қызметтер «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электронды өтініш» қызметі арқылы электронды өтінім негізінде көрсетілуін жалғастыруда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − eight =