Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі

0 72

Шенеуніктердің жұмыс кабинетін торуылдап, табалдырығын тоздырып, жұртшылықтың әрі-бері сабылмауы үшін мемлекеттік қыз­мет көрсету жәрмеңкесі елордада дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осындай игі шара кеше «Хан шатыр» СОС орталығында өтті.

Жәрмеңкеде Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Әділет департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, Есіл ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының және басқа да мемлекеттік мекемелердің мамандары тұрғындарға әлеуметтік көмек пен тұрғын үй, жер қатынастары, салық жеңілдіктері тұрғысында кеңес беріп, қызмет көрсетті.
– Былтыр осындай 12 жәрмеңке өткізілді. Онда шамамен 600 адамға қызмет көрсетілді. Жақында мұндай шара «Астаналық базары» мен «Шапағат» сауда үйлерінде де өтті. Келесі жәрмеңке сәуір айында ұйымдастырылады, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Жазира Жылқышиева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + five =