©2020 Астана Ақшамы
Мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн жер учаскесiн мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес зерттеу, іздестіру жұмыстарын жүргізуді аяқтау және өтпе жолы мен автотұрақты жобалау мен салу үшін берілген Железнодорожный тұрғын алабынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан, жалпы ауданы 0,7475 га жер учаскесі 2013 жылғы 4 мамырда оның ішінде сатып алу жолымен мемлекеттік қажеттілік үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын.
2. «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесі, осы қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей меншік иесіне мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесі және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдап, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да әрекеттерді орындасын.
3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Меншік иесі алдағы уақытта жүргізілетін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде Астана қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім тәріптемелеріне бастама жасауға құқылы.
5. «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған кезден бастап оны үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.
Әкiм И. Тасмағамбетов