«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚАРЕКЕТІ

0 166

Қалалық мәслихаттың Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мүшелері Астана қаласы бо­йынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысымен танысты.

929e2760e9c54291f0a06384b453cf1d

Депутаттар ескі ғима­рат­ты күрделі жөндеуден өткізгеннен кейінгі қайта жаб­дықталуын, қызмет­кер­лердің өздеріне жүктелген міндеттердің мінсіз орындалуына ден қойылуын оң бағалады. Мекеме басшылығы салық төлеушілер мен мем­лекеттік қызметкерлер ара­сындағы кедергілерді жоя отырып, жұмысты барынша жетілдіру арқылы қол жеткен жетістіктерімен халық қалаулыларын таныстырып өтті. Астана қаласы бойын­ша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов салық төлеушілермен жұмысты оңтайландырып, жұмыс барысына біршама өзгерістер енгізілгенін баяндады. Ендігі жерде жеке тұлғалар мен бизнес иелері алдымен модераторға жолығып, тиісті құжаттарды толтырып, сол сәтте оны мекеме кеңсесінде тіркей алады. Тиісті сұрақтарының жа­уа­бын алғаннан соң көбіне операциялық залға өтудің қажеттілігі туындамайды екен. Бұл – жұмысты жетілдірудің алғашқы қадамы. Қызметтің тағы бір тиімділігі – кезек күтушілерді электронды түр­де реттеп отырады. Әркім өзіне қажетті қызметті таңдай отырып, өзінің сұрағына жауап беруге тиісті маманмен бірден жолыға алады.
Бұл арқылы департамент жұмысының ашықтығы мен оның ауқымдылығынан мағлұмат алуға болады. Мұнда өз-өзіне қызмет ете­мін деушілерге де жағдай жасалған. Арнайы терминал арқылы азаматтардың салықтық берешектерінің бар-жоғын анықтап алуға да мүмкіндік бар. «Электронды салық төлеуші» атауы қазір көптеген кәсіпкерлерге таңсық емес. Электронды санды қолтаңбасы арқылы барлық салық түрлерін өз кеңсесінде отырып-ақ интернет арқылы жіберуге болады. Бүгінде бизнес саласында бұл жұмыстардың 97 пайызы электронды түрде жүргізіледі» деді Депар­та­ментінің басшысы Әбіл­қайыр Сқақов.
«Мемлекеттік қызметтің ахуалын талдау орталығын» Департаменттің жаңалығы деп айтуға болады. Видеомониторинг арқылы нақты уақытта болып жатқан жағ­­дайды бақылауға жаңа технология мен заманауи құралдарды ендіру арқылы қол жеткізген. Орталықта үш аудандағы салық бөлімдерінің, одан басқа кеден бекеттерінің жұмысын қадағалап, нақты жағдайды бағалауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, статис­тикалық мәліметтер де бір орталыққа жинақталып, өңделеді. Мәслихат депутаттары «Wipon», мобильді қосымшаның жұмысымен
танысты. Сатып алушы­лар­дың контрафактілі алкоголь өнімдерін анықтауға және мұндай өнімдерді сатумен айналысушылардың жолын кесудің қарапайым жолы қолданысқа да қолайлы екен. Жаңалығы көп тиімді жүйенің елордалық барлық бөлімдерінде де қолға алын­ғанына куә болдық. «Мақ­сатымыз – Астананың әрбір тұрғыны бірдей жағдайда барлық қызмет түріне қол жеткізуіне қамтамасыз ету. Келесі кезеңде шартты түр­дегі аудандараралық шек­теуді қалдырмайтын боламыз. Себебі мемлекеттік кірістердің бәрі бір жерге жинақталады. Ал, әрбір ас­таналықтың өте қолайлы, қызмет көрсету жүйесі жетіл­дірілген жайлы орындарда сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізуді көздеп отырмыз» дейді Департамент басшысы. Ол сонымен бірге салық, кеден және өзге де қолданыстағы заңнамасының сақталуы мен орындалуына қатысты мәслихат депутаттарының сұрақтарына жауап берді.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды