МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН

0 128

1-full

Қалалық мәслихаттың отыз бесінші кезектен тыс сессиясының жұмысына Астана әкімінің орынбасарлары, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының әкімдері, қала департаменттері мен басқармаларының басшылары және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Сессияда бір ғана мәселе қарастырылды. Ол – мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын келісу. Осыған орай, қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Тимур Оразақов сөз алып, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармақшасына және «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармақшасына сәйкес, осы шарттардың жобалары қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырыстарында талқыланғанын жеткізді. Ол отырыстарға жер учаскелерінің меншік иелері тегіс қатысқан болатын.

Баяндамашының айтуынша, бұл жерлер Есіл өзені жағалауындағы паркті салу үшін, жаңа мектеп құрылысы үшін, Есіл өзенінің арнасын қайта жөндеу және абаттандыру мақсатында, Бейсеков көшесіндегі 5-ші учаскенің шағын айналма жолын салу, Төлебаев көшесінен Жұмабаев көшесіне дейінгі жолдарды кеңейту үшін алынбақшы.

Жер учаскелерінің жалпы сомасы 377 209 866 теңгені құрайтын 67 шарттың жобасын депутаттар бірауыздан мақұлдады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 + 6 =