МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ – МАЙТАЛМАН МАМАНДАР

0 165

SAM_4067

Астана қаласындағы «Қобыз» мейрамханасында Д.Қонаев атындағы университет колледжінің 2013-2014 оқу жылын тәмамдаған үш жүзден астам түлегіне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтті. Жоғары білім сапасын көрсеткен 62 түлекке ерекше үлгідегі дип­ломдар табысталды.

Салтанатты іс-шараны колледж директоры Гүлмира Момбекова құттықтау сөзбен ашып, оқу орынын бітіруші түлектерге көптен күткен қуанышты сәттің келіп жеткенін хабарлады. Колледжді бітіруші түлектердің қуанышты сезімдерімен ата-аналары, туған-туысқандары, жолдастары да бөлісті. Колледж әкімшілігі атынан ата-аналарға алғыс хаттар ұсынылып, Айдана Ермекбаева, Олжас Молдашев, Ақтөре Көпбаев, Әлия Баймурзина, Ерхан Сағындық, Жолдас Есқали, Наргиз Мұсақұлова, Азамат Алтынбеков, Бақытжамал Аубакирова, Кадырали Қайыргелдинов, Карина Шимко және т.б. оқу, тәрбие, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан түлектер мадақтамалармен марапатталды.

Гүлмира Бейсенбекқызы Д.Қонаев атындағы университет колледжі 2002 жылдан бастап «Құқықтану», «Есеп және аудит», «Туризм», «Аударма ісі», «Бағдарламамен қамтамасыз ету», «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету» орта кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу бөліміне оқушылар қабылдап келе жатқанын, қазіргі кезде колледж қабырғасында 37 оқытушы оқушыларға қазіргі заман талабына сай білім мен тәрбие беріп жүргенін жеткізді. Олардың ішінде жоғары санатты оқытушылар: Г.Бердеш, Ж.Мусина, Р.Шаяхметов, Г.Аубакирова, З.Масимова, Г.Апарова және т.б. сабақтан тыс уақытта оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектер жазумен айналысады. Колледж директорының айтуынша, Г.Бердеш экономика пәні бойынша әдістемелік құралдың авторы болса, З.Масимова, Г.Ерінбет, А.Тушабек, Н.Сопбекова өз пәндері бойынша оқу-әдістемелік өңдемелі мен мақалаларын әдістемелік-ақпараттық басылымдарға жариялап, әріптестерімен тәжірибе бөлісуде. «Жалпы, колледж оқытушылары шығармашылықпен еңбек етіп жүрген білікті ұстаздар. Олар қазіргі заман талаптарына сай жаңа әдістемелік ақпараттандырылған технологиялық әдіс-тәсілдерін оқыту үрдісінде күнделікті сабақта кеңінен қолданып келеді» деді Г.Момбекова.

Заман талабына сай маман дайындауда оқу орнымен жұмыс беру­ші­лердің өзара тығыз байланысы өте маңызды. «Құқықтану» маман­ды­ғының оқушылары екіжақты келісімшарт негізінде ҚР Жоғарғы Соты, ҚР прокуратурасы, қалалық, аудандық Ішкі істер басқармасында оқу-өндірістік, оқу-соттық тәжіри­беден өтеді. Мем­лекетіміздің мақта­ны­шы – майталман мамандарды даяр­л­ауда колледж ұжымы ауқымды істер атқарып, шығармашылық ізде­ніс­терді жүзеге асыруда. Шара бары­сында сөйлегендердің сөзінен ұққанымыз – осы.

Салтанатты кештің соңы колледж­дің бірінші және екінші курс студент­терінің күшімен дайындалған концертке ұласты.

Шәйзат ӘЛМАҒАМБЕТОВ,
Д.Қонаев атындағы колледждің кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + ten =