Мемлекет дамуының қозғаушы күші

0 139

Елбасының сындарлы саясаты елдің жарқын болашағы мен кемел келешегіне бастайтыны баршаға мәлім. Ұлт көшбасшысының әрбір идеясы, ұсыныстары, терең ойлары, маңызды шешімдері халықтың қамы мен елдегі әлеуметтік хал-ахуалды жақсартуға бағытталады. Президенттің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы да содан туындап отыр.

025

Бүгінгі әлемдегі жаһандық дағдарыспен күресу, оның себебін анықтау, дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру – мемлекетіміз үшін басты мәселелердің бірі. Экономикалық тұрақсыздық орын алған уақытта елдің хал-ахуалын түсірмей, тұрақты ұстау өте маңызды. Сондықтан Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасындағы әлеуметтік жаңғырту идеясы арқылы еңбек адамын алға шығару көзделді. Бұл бүкіл қазақстандық қоғамға тасталған үндеу болды.
Осы ретте аталған идеяны ілгерілету мақсатында ұжымымызда жасалып жатқан шараларды сөз етсек. Еңбек адамы – мемлекет дамуының қозғаушы күші, тірегі десек, артық айтпаған болармыз. Бүгінгі таңда тек еңбектенген адам ғана жемісті нәтижеге жете алады. Ал ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, тиісті білім алу қажет. Сағат сайын, күн сайын қарқынды дамып бара жатқан заманда бастапқы алған біліммен қалу – көштен кейін қалумен тең. Сондықтан біз ұжымдағы қызметкерлердің, еңбек адамдарының білімін одан әрі шыңдап, біліктілігін арттырып, кәсіби жоғарылауына барынша қолдау жасау­дамыз.
Атап айтсақ, концерт залымыздағы техникалық мамандықтардың біліктілігін арттыру мақсатында қызметкерлеріміз арнайы оқу орындарының практикалық семинарлары мен шеберлік сабақтарына қатысты. Сондай-ақ, білім орталықтары өткізіп тұратын курстардан қалған емес. Концерт залы ашылғаннан бері, алты жыл ішінде қызметкерлердің барлығы әртүрлі тренинг, шеберлік сабақтары, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарының сертификаттарына ие болды. Демек, ұжымда жемісті жұмыс істеп, мамандардың кәсіби өсуіне барлық алғышарттар жасалуда.
Болашақта аталған жұмысты одан әрі жандандыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Себебі маманның біліктілігін арттыру, оның әлеуетін көтеру, кәсіби тұрғыдан өсуіне жағдай жасау қоғамның дамуына да әкеледі. Алға қойған мақсаттарға еш қиындықсыз жетуіне, мемлекеттің алға қарай қарыштап дамуына біз осылай үлес қосамыз. Өйткені әр қызметкердің еңбекке қабілеттілігі мен еңбек өнімділігі кәсіби өсуіне байлау­лы. Әр адам мемлекет тетігіндегі аса маңызды фактор болып саналатыны сөзсіз.

Әсия МҰСТАФИНА,
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы»
РМҚК бөлім басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − five =