Мемлекет басшысы қабылдады

0 18

Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Қазақстан Президентіне министрлік жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, оның қызметін одан әрі дамыту туралы ақпарат берілді.
Кездесуде ақпараттық саясат және азаматтық қоғам мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Аида ­Балаева отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік бастамаларын қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жайында баяндады.
Кездесу қорытындысы бо­йынша Президент министрлік алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайыл­ғанованы да қабылдады.
Анар Жайылғанова Қасым-­Жомарт Тоқаевқа агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша есеп берді.
Мемлекет басшысы «Президенттік жастар кадрлық резерві» бойынша жұмысты жалғастыруды, оған енген азаматтардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу және резервке кіру шарттарын реттеуді тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 2 =