Мемлекет басшысы Астана айналасындағы жер телімдерін беруге мораторий жариялады

0 124

DSCN9249

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын одан әрі дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Елбасы елорда маңайындағы аудандарда жер мәселелеріне қатысты тәртіп жоқтығын, соның салдарынан жер аумақтарын өз бетімен басып алудың кездесіп жататынын атап өтті.

«Астана маңындағы жерлерді игеру жүйесіз жүргізілуде. Адам саны қазірдің өзінде 2015 жылға болжанған межеден асып барады. Бүгінде онда 156 мың адам тұрып жатыр, ал жер телімдерін алу кезегінде 175 мың адам тұр. Азаматтарға 10 сотық жер тиесілі екендігін пайдаланып, адамдар өтініш беруде. Бірақ ол жерлерді коммуникация жүргізілген жерлерден ғана беруге болады. Егер жерлер дайын болмаса, онда ол пайдалануға берілмеуге тиіс. Бұл тұста тәртіп орнату қажет. Сондықтан мен Астана айналасындағы 30 шақырымдық аймақтан жер телімдерін беруге мораторий жариялаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев жақында «Астанабасжоспар» ҒЗӨИ» ЖШС-ны аралау барысында елорданы дамыту мәселесі қаралғанын атап өтті.

«Қала тұрғындары көбейіп, 900 мыңға жетті, ал біз бұл көрсеткішке 2020-2030 жылдары жетеміз деп жоспарлағанбыз. Осыған байланысты қала құрылысы халықтың қарқынды өсуіне ілесе алмай отыр, соның салдарынан түрлі қиыншылық туындауда. Әрине, біз еліміздегі барлық қаланың дамуы үшін жұмыс жасаймыз, бірақ елордаға ерекше назар аударылуға тиіс. Биылғы көктемде мен кеңес өткізіп, бірқатар тапсырмалар бердім. Мен олардың іске асырылу барысымен таныстым, алайда алдымызға тиісті шешімдер қабылдау қажет болатын жаңа міндеттер қойылып отыр», – деді Қазақстан Президенті.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті Ақмола облысының әкіміне елорданың маңында орналасқан барлық елді мекеннің бас жоспарына түзету енгізуді, ал Бас прокурорға – Астанадағы қылмыстық ахуалға талдау жасап, құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды.

 

http://astana.gov.kz

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + eighteen =