МЕКТЕПТІН МЕРЕЙТОЙЫ

0 1  532

Бұрын…
Мектеп ашылған 1993 жылы бас-аяғы 1109 оқу­шыға 63 қана мұғалім са­бақ берді. Сол кезде бі­рінші сыныпқа 240 бала қабылданған болатын.
Бүгін…
Мектепте барлығы 79 сынып бар. 2177 оқушыға 123 мұғалім сабақ беруде. Биылғы жаңа оқу жылында 300 жет­кіншек бірінші сыныптың табал­ды­рығын аттады.
Жалпы алғанда…
Жиырма жыл ішіндегі жетіс­тікке сүйенсек, мұндағы 19 түлек оқуын «Алтын белгімен», 45-і үздік аттестатпен аяқтаған. Еңбек ұжымында 39 жоғары жә­не 41 бірінші санатты мұғалім жұмыс істейді.

 

 

Таяуда Астанадағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің құрылғанына жиырма жыл толды. Оқу ордасының жиналыс залында өткен мерейтойға мектеп ұжымымен қатар, Алматы ауданы әкімінің орынбасары Түсіп Рысбеков пен Әсима Бимендина бастаған Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері қатысты.

Алдымен сахнаға қаз-қатар
тізілген мұғалімдер хор­мен пат­риоттық әндерді шыр­қады. Одан кейін мектеп дирек­торы Базыл Ахмет ұла­­ғат­ты ұстаздар ұжымын ме­ре­кемен құттықтап, ақ­жар­ма тілегін айтты. Ал, Бі­лім бас­қармасының басшысы Әси­ма Бимендина озат оқушы тәр­биелеуде озық деп танылған тә­лімгерлерді алғыс хатпен марапаттап, Базыл Әлдешұлына жиырма жыл бойы табанды еңбек етіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.
«Біз биылғы оқу жылын жақсы іс-шаралармен бас­та­дық. Әсіресе, әр сенбі сайын барлық мектеп басшыларымен кездесу ұйымдастырып жүрміз. Міне, енді арнайы кесте бойынша өтетұғын кездесуіміз №37 мектептің жиырма жыл­дық мерейтойына сәйкес келіп отыр. Осынша жыл ішін­де қаншама жастардың бұл мектептен қанат қағып шығып, елор­да­ның қарқынды да­муы­на өз үлестерін қосып жат­қаны білім беру ұжымының ба­қыты деп есептеймін. Бүгін мектептің мерейтойы қар­саңында осы мекеме ішінен патриоттық кабинет ашуға шешім қабылдадым. Ол үшін мұнда 700 мың теңге қаржы бөліп отырмыз. Астанада ондай кабинеттердің көбірек болғаны жөн» деді Әсима Темкеқызы.
Сондай-ақ, Алматы ауда­нының әкімдігі жиырма жыл­­­дыққа Астананың тарихы жа­зылған жиырма кітап сыйлады. Аудан әкімінің орын­басары Түсіп Рысбеков олар­ды мектеп директорына табыстап тұрып, әкім Бекбол Сағынның құттықтау хатын оқып берді.
Іс-шара одан әрі концерттік бағдарлама негізінде жалға­сын тауып, мектептің алғаш ашыл­ған кезінен бастап қыз­мет ат­қарып жүрген мәр­те­белі ма­мандар есте қалған қызықты оқиғаларын баяндай отырды.

Базыл АХМЕТ,
мектеп директоры:

– Бұл мектеп ашылған жылы бі­раз қиындықты бастан өткердік. Ғи­маратқа жақын маңдағы шағын аудандарда орналасқан әр үйдің есі­гін қағып, оқушы балаларын жаңа мектепке берулерін өтініп жүрдік…
Ал, мектептің екі ай ішінде салынып, есігін айқара ашуына қоғамдық жұмысқа белсене араласқан жер­гілікті азаматтар – сол кездегі «Тіл және мәдениет» қоғамының төра­ғасы Алдан Смайыл, журналист-жазушы Амантай Кәкен, «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі Орынбай Балмұрат төртеуміздің ықпалымыз болды десем, артық айтқандық емес. Ол кезде Астанада Жамбыл Жабаев атындағы №4 орта мектеп қана таза қазақша оқытты. Содан соң, 1991-1992 оқу жылдарында №36 қазақ орта мектебі ашылған. Кейін ол жабылып қалып, оқушыларының көбін бізге көшірді.
Бастапқыда таза қазақ мектебі болып ашылуы тиіс еді. Алайда, орыс сыныптары уақытша деп кір­гізілді де, содан аралас мектеп бо­лып қалдық.

 

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × four =