Мектептерде сақтық шаралары күшейтіледі

0 31

Елордада санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты 2 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5-сынып, сондай-ақ халықаралық мектептердің 1-7-сынып оқушыларын аралас форматта оқыту басталды.

6-8, 10-сынып оқушылары қашықтан білім алуды жалғастыра береді. Оқытылатын пәндердің 70 пайызы – штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан өткізілетін болады.
Оқу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар көбейтілді, яғни сабақтар сыныптар арасында түрлі уақытқа қойылады.
Мектептерде эпидорталық туралы анықтамалар талап етілмейді, алайда ішкі сүзгі мен дезинфекциялық іс-шаралар күшейтіледі.
Сонымен қатар, ерекше жағдайларда, ауру немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқытуға рұқсат етіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 − eight =