Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Мектептерде фотоэлектрлік жүйе орнатылады

0 159

Астана экономикалық форумы аясында Қазақ­стан Республикасы Энергетика министрлігі, Аста­на қаласының әкімдігі және Назарбаев зият­керлік мектептері дербес білім беру ұйымы мен «Шелл» компаниясы арасында «Мектептерге күн энергиясы» қанатқақты жобаны іске асыру бойынша меморандумға қол қойылды.

Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Орал қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде күн фотоэлектрлік жүйесі орнатылады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Мектептерге күн энергиясы» атты жобаны іске асыру 2016 жылы «Шелл» компаниясының ҚР Энергетика министрлігімен бекітілген меморандум аясында жүзеге асады. Аталған жоба «Жасыл экономикаға көшудің» жалпыұлттық ауқымда мақ­сатын одан әрі қолдау бойынша шағын габаритті энергия өндіріс саласын дамытуға бағытталған.
«Осы меморандум аясында біз мектептердің шатырларына күн фотоэлектрлік жүйесін орнатамыз. Бұл жоба жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайда­ланудың тамаша үлгісі және болашақта еліміздің басқа ай­мақ­тарында енгізілуі мүмкін» деп атап өтті Астана әкімі Әсет Исекешев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды