Мектептер толық бейнебақылаумен қамтылады

0 25

Жыл соңына дейін елордадағы мемлекеттік қызметтерді 100% цифрландыру жоспарлануда. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ботагөз Қасабек атап өтті.«Цифрландыру басқармасы құрылған сәтте Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 160 қызмет көрсетті. Қазіргі уақытта біз осы қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтерді 100% цифрландыру жоспарланған» деді Б.Қасабек.

Оның айтуынша, білім ошақтарына жыл соңына дейін 4 752 камера орнатуды жоспарланған. Осылайша, елордадағы мектептер 100% бейнебақылаумен қамтылатын болады.

Бүгінгі таңда оқу орындары компьютерлік техникамен және интернет желісімен толық жабдықталған. Сондай-ақ онда робототехника кабинеттері мен STEM-зертханалар ашылды. Сонымен қатар мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз төлем енгізілді, соның арқасында ата-аналар балаларының тамақтануын бақылай алады.

Оқушылардың мүмкіндігін ашу үшін елордада жыл сайын техникалық білім беру саласындағы барлық соңғы жетістіктерді қамтитын ғылыми-білім беру STEM-олимпиадалары өткізіледі. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D-модельдеу сияқты ғылымдардан тұрады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − six =