МЕКТЕПТЕР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

0 229

Биыл Астанада 3500 орындық үш мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Атап айтқанда, Железнодорожный кентіндегі 1100 орындық мектеп, №19 көшенің бойындағы 1200 орындық және «Батығай» тұрғын үй кешенінде жобаланған 1200 орындық мектептер пайдалануға беріледі. 

Сонымен қатар, 6 000 орындық жаңа бес мектептің құрылысы басталды. Мектептердің бірі №41 көше мен Мирзоян көшесінің қиылысында, екіншісі №50 көше мен Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысында орналасқан. Тағы бір жаңа білім ошағы Жұмабаев көшесінің шығысына қарай, Сарайшық көшесімен қиылысқан тұста бой көтереді. Түркістан, Керей, Жәнібек хандар және Орынбор көшелерінің орамында, сондай-ақ, Орынбор, Еңбекшілер және Керей, Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында да білім ордалары салынады. Бүгінгі таңда қаладағы сексен екі мектеп нысанында 86 663 бала білім алады. Олардың жетпісі – мемлекеттік, он екісі – жекеменшік мектептер. Астанада мемлекеттік тілде білім беретін жиырма төрт мектепте 29 523 бала оқиды. Орыс тілінде оқытатын он мектепте 9 067 оқушы білім алса, отыз алты аралас мектепте 44 978 оқушы бар.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + five =